Ішінде 50-ге жуық адам бар автобус жол апатына ұшырады: зардап шеккендер саны өсті

Сағыныш Сардарова 16 қаң. 2026 11:39

16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тасжолында жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. Көлік салонында жолаушылар болған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді өңір полициясы.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда автобус аударылып, төрт адам қаза тапқаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove