Гранттық қаржыландыруға берліген өтінімдер екі есеге артты

Dalanews 23 ақп. 2015 22:58 739

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен «2015-2017 жылдарға арналған гранттық және бағдаламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде өткізілген конкурстардың қорытындысы туралы» мәжіліс болып өтті. Айтулы шараға сала басшысы, вице-министр Тахир Балықбаев, министрлікке қарасты комитеттердің төрағалары, ЖОО және ҒЗИ басшылары және ғылыми орта өкілдері қатысып, гранттық қаржыландырудың маңызы жайындағы көкейдегі ойларын ортаға салды.

Ғылымды гранттық қаржыландыру жүйесі отандық ғылымның дауымына айтарлықтай үлес қосып келе жатқаны белгілі. Бірақ жаңа жүйені алдағы уақытта жетілдірудің маңызы зор. Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов алдағы уақытта жаңа жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасатынын алға тартты.

711– Ғылымды дамытуды көздеген гаранттық қаржыландыру жүйесі қазір өзінің ашықтығымен көпшіліктің назарын аударуда. Бүгінде ғалымдар өздерің ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде жобалар дайындап, гранттық қаржыландыруға белсенді түрде ұсына бастады. Биыл бізге 5 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл рекордттық көрсеткіш. Өтінімдердің бәрі Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері мен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының талқысынан өтетіні өздеріңізге мәлім. Үкімет экономикалық қиыншылықтарға қарамастан биыл ғылыми жобаларды қаржыландыруға 40 млрд. теңге бөліп отыр. Алдағы уақытта осы қомақты қаржыны тиімді бағытта игеріп, отандық ғылымның дамуына бәріміз үлес қосуымыз керек. Бірнеше жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру жүйесі жұмыс істеуде. Өз басым бұл жүйені әлі де жетілдіретін тұстары бар деп есептеймін. Сондықтан жүйені жетілдіруге қатысты ойларыңыз болса, бізбен бөлісулеріңізді өтінемін, – деді министр. Бұдан кейін мәжілісті жүргізу міндетін мойнына алған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаевқа сөз берді. Өз кезегінде комитет басшысы ғылымды гранттық қаржыландыру ісінің қалай жүргізілгені жайында баяндама жасады.
Асылан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Үкімет экономикалық қиыншылықтарға қарамастан биыл ғылыми жобаларды қаржыландыруға 40 млрд. теңге бөліп отыр. Алдағы уақытта осы қомақты қаржыны тиімді бағытта игеріп, отандық ғылымның дамуына бәріміз үлес қосуымыз керек.

710– 2011 жылы елімізде «Ғылым туралы» Заң қабылданғаннан кейін ғылыми жобаларды қаржыландыруждың жаңа жүйесі іске асырыла бастады. Біздер 4 жылдан бері осы жүйені жетілдіріп келеміз. Әр сала бойынша ғылыми жұмыстарға баға беретін тәуелсіз Ұлттық ғылыми кеңес пен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы құрылыды. Ұлттық ғылыми кеңестің құрамына кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, бизнес қауымдастықтардың өкілдері және қоғамдық ұйым белсенділері енген. Жаңа жүйе енгізілген соңғы үш жылда мемлекеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлген қаражаты 20 млрд. теңгеге артты. Бұдан біз Үкіметтің ғылымға қаншалықты көңіл бөліп отырғанын байқаймыз. Биылдың өзінде гранттық қаржыландыру жүйесіне 5 мыңнан астам өтінімдер келіп түсті. Олардың 800-ден астам өтінім дұрыс толтырылмағандықтан кері қайтарылды. Ал қалғандары Ұлттық ғылыми кеңестің жіберілді, – деп Ғылым комитетінің төрағасы ойын ортаға салды. Бұдан кейін мінбеге Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының президенті Асанбай Жұмабеков көтеріліп, орталық қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарына баға беру ісіне 2200 тәуелсіз сарапшы тартылғанын алға тартты.

– Біздің орталық дүниежүзінің 20 елінен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баға беретін мамандарды тартып, олармен тығыз жұмыс істеді. Тартылған сарапшылардың 80 пайызы Батыс елдерінің мамандары болса, 10 пайызы Азия елдерінің ғалымдары болды. Ал қазақстандық сарапшылардың үлесі 10 пайызды құрады, – деді орталық басшысы. Сондай-ақ, А.Жұмабеков сарапшылардың бәріне қойылатын талап ортақ екенін де алға тартты. Тиісті мекеме басшыларының баяндамасынан кейін мінбеге Ұлттық ғылыми кеңестің салалық топтарының төрағалары шығып, көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру жүйесі отандық ғылымның дамуына айтартылықтай үлес қосқанын алға тартты. Бұдан басқа жаңа жүйені жетілідіруге байланысты ойларымен де бөлісті. Айталық, Ұлттық ғылыми кеңестің табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу жұмыс тобының жетекшісі Нұралы Бектұрғанов кейбір әріптестерінің бұған дейін жазылған ғылыми жұмыстарын гранттық қаржыландыруға қайта ұсынуы орынсыз екенін тілге тиек етті.

709

– Біздің қарауымызға келіп түскен ғылыми-зерттеу жұмыстарының арасында бұрын жазылған еңбектер де кездесетіні жасырын емес. Кеңес мүшелері олардың бәрімен танысып шығуы міндет. Өз басым сарапшы мамандардың мұндай екінші қайтарыла ұсынылған жұмыстарды оқып уақытын зая кетіруі орынсыз деп есептеймін. Сондықтан гранттық қаржыландыруға өтінім берушілердің жұмысын «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның «Антиплагиат» жүйесінен бір рет сүзігіден өткізіп алуды ұсынамын. Сол кезде бұл мәселе өздігінен шешіледі, – деп Н.Бектұрғанов өз ұсынысын айтты. Осылайша ғалымдар гранттық қаржыландыруға қатысты ойларын ашық айтып, министрлікке өз ұсыныстарын жеткізді. Мәжіліс соңында ҚР Білім және ғылым министрі жиын барысында айтылған ұсыныстардың бәрі назарға алынатынын алға тартты.

Нұрлан Жұмақанов, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі.    

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар