Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы И.С.Кон аса құптарлық жайлар.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде.
Тәрбиені қажет ету адамның пайда болуымен бірге туды және адам қоғамы қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай тәрбиенің дамуын халықтың, этностық қатысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.
Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани медениеті тарихын туғызды.
Халықтың рухани өмірін анықтаушы жейттер еңбектен, табиғаттан, ішкі дарындылықтан, табиғилықтан және адамгершіліктен туындады. Және дәл осылар тәрбиенің нағыз халықтық сипаттарын айқындап берді.
Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тербиеленді, бәрін тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани өмірі арасын байланыстырушы ретінде алға шықты. Тұтас алғанда халықтың материалдық және рухани өміріндегі педагогикалық мәдениетінің ерекше хал-ахуалы осымен түсіндіріледі. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті педагогтардың қай-қайсысы болмасын халықтық педагогика этностық ұжымдық шығармашылығының құрамды бөлігі екендігін ескертіп, оның педагогикалық мәдениеті көрінісі ретінде ежелгі дәуірлерден тамыр алатындығына назар аудартуы осыдан.