Freedom Inside '26

Ойын алаңы бейіт маңына салынған: Әкімдік аталған жағдайға қатысты түсініктме берді

Ойын алаңы бейіт маңына салынған: Әкімдік аталған жағдайға қатысты түсініктме берді
nurkentazhibay видеосынан скрин

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігі бейіт қасынан салынған ойын алаңы жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік мәліметінше, ойын алаңы 2016 жылы бой көтерген.

“Бұл — әкімдіктің өз бетінше қабылдаған шешімі емес, ауыл тұрғындарының ұсынысымен таңдалған орын”, – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар ведомство аталған ойын алаңы ешкімге кедергі келтірмейтінін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Аташ ауылында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.