Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы екі күндік келіссөз аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алты сағатқа созылды
Келіссөздердің бірінші күні төрт сағатқа созылды. Бүгін, 11 қарашада, тағы екі сағат жалғасты.
Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерде Ресей делегациясын басқарған Владимир Мединскийдің айтуынша, кездесу "қақтығысты реттеу мәселелері бойынша тараптардың ұстанымдарын тыңдаумен" аяқталған. Негізгі тақырып Еуропадағы болашақ қауіпсіздік жүйесі болған. Тараптар кейбір мәселелер бойынша ортақ түсінікке келген. Алайда нақты қандай мәселелер екені айтылмады.
Сондай-ақ, қатысушылар аумақтық мәселелерді, Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін және НАТО-ның кеңеюіне жол бермеу мәселесін талқылаған. Бұл тақырыптар бойынша да нақты келісімге келген-келмегені белгісіз.
Әмірліктегі әдемі жиыннан соң атыс тоқтамайтын болды
Алдағы екі-үш аптада тараптар мың адамнан алмасады. Бітімгершілік келісіміне немесе атысты тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізілген жоқ.
Бұған дейінгі келіссөздер
2026 жылдың басынан бері Ресей, АҚШ және Украина келіссөздердің үш кезеңін өткізді: екеуі Абу-Дабиде, біреуі Женевада өтті. Ақпандағы кездесудің басты нақты нәтижесі тараптардың әрқайсы 157 адамнан, жалпы 314 тұтқынды алмасуы болды.