Шерзаттың өлімі: сотталушы Сәкиевтің анасы кешірім сұрады

Көркем Алдабергенова 18 там. 2025 14:25

Шерзат Болаттың өлімінде күдікті Равиль Сакиевтің анасы ұлына үкім шыққаннан кейінгі эмоционалды әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

5 маусым күні сот Равиль Сакиевті бұзақылық пен кісі өлтіруге оқталу бойынша 20 жылға колонияға қамау туралы үкім шығарғаннан кейін, оның анасы Баян Сарманова айғай-шу шығарды.

Сол сәтте оқиғаны жариялап жүрген журналистер де оның ашуына тап болған еді. Әйелге қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Бүгін апелляциялық шағымды қарау кезінде ол журналистерден өзінің әрекеті үшін кешірім сұрап, олардың тек өз жұмысын атқарғанын мойындады.

Әйел әлі де ұлы ешкімнің өміріне қастандық жасамағанын, тек бұзақылыққа барғанын ғана мойындайтынын айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар