Прокурор Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұрады

Көркем Алдабергенова 18 там. 2025 15:38

Прокурор Руслан Берденовті атты деген күдікке ілінген Ернар Жиембайды қанша жылға соттауды сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокурор соттан Ернар Жиенбайды Руслан Берденовке қастандық жасады деп танып, оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұған дейін сот отырысында айыпталушы шенеуніктен кешірім сұраған болатын. 

"Мен өзімді дұрыс істедім деп айта алмаймын. Кешірім сұраймын. Өлтіргім келген жоқ, ондай ойым болмаған. Сізге тез сауығып кетуді тілеймін. Өзім жеке барып кешірім сұраймын", – деді айыпталушы.

Ал Руслан Берденов әділ жаза тағайындалуының маңыздылығын атап өтті.

"Жәбірленуші ретінде менің талап ететінім – кінәлі адамның заңға сәйкес әділ жазаға тартылуы. Егер мұндай бандитизмге бүгін тосқауыл қоймасақ, ол мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіреді. Бұл оқ тек маған емес, жалпы мемлекеттік қызметте жүрген әрбір адамға қарсы бағытталған", – деді ол судьяға.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар