Freedom Inside '26

Жеке компания Есік көліне баратын туристерден заңсыз ақша алып келген

Жеке компания Есік көліне баратын туристерден заңсыз ақша алып келген
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Алматы облысында жеке компания Есік көліне баратын туристерден заңсыз ақша алып келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Хабель" ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес туристерден ақша алу қарастырылмаған. Басқарушының мұндай әрекеттері оның өкілеттігінен тыс жасалып отыр әрі шарт талаптарын бұзады. Тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес көліктерден төлемақы алынады", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Облыс әкімдігі "Хабель" ЖШС-ға заңсыз төлемақыны тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолдаған.

17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі шлагбаумдар алынған.