Шығыста заңсыз жолмен алтын өндіргендер ұсталды

Сағыныш Сардарова 18 там. 2025 13:04

Шығыста заңсыз жолмен алтын өндіргендер ұсталды. Бұл туралы ҚМА мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану дерегі анықталды.

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, екі жыл бойы лицензиясыз өзен арнасын өзгертіп, заңсыз алтын өндірген.

"Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған жабдық қолданылған. ЖШС-ның заңсыз қызметі салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 миллион теңгеден асты. Тінту барысында құны 382 миллион теңге тұратын 6 келі алтын тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар