Шымкенттегі сот отырысы: Жиембай Берденовтен кешірім сұрады

Сағыныш Сардарова 18 там. 2025 14:56

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында айыпталушы шенеуніктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында Жиембай жәбірленуші Руслан Берденовтен кешірім сұрады.

"Мен өзімді дұрыс істедім деп айта алмаймын. Кешірім сұраймын. Өлтіргім келген жоқ, ондай ойым болмаған. Сізге тез сауығып кетуді тілеймін. Өзім жеке барып кешірім сұраймын", – деді айыпталушы.

Ал Руслан Берденов әділ жаза тағайындалуының маңыздылығын атап өтті.

"Жәбірленуші ретінде менің талап ететінім – кінәлі адамның заңға сәйкес әділ жазаға тартылуы. Егер мұндай бандитизмге бүгін тосқауыл қоймасақ, ол мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіреді. Бұл оқ тек маған емес, жалпы мемлекеттік қызметте жүрген әрбір адамға қарсы бағытталған", – деді ол судьяға.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар