Енді баласы мектепте телефон ұстаса, ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 16:16

Енді ата-ана баласы мектепте телефон ұстаса, айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Сенат дәлізінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Білім туралы заңда оқу процесінде ұялы телефон қолдануға болмайтыны жазылған. Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде бұл - 409-бап. Бұл жағдай бірінші рет болып жатса, ескерту жасалады, қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады", - деді ол.

Ведомство өкілінің айтуынша, ата-аналарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы бұл - 19 660 теңге.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар