Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі төбелесте зардап шекті

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі төбелесте зардап шекті
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының  «Каспий» тұрғын үй кешенінде бір топ ер азамат күзетшіге және тұрғындардың біріне шабуыл жасағаны жөнінде ақпарат пайда болды. Оқиғаға қатысты видео Instagram-да жарияланған. Оқиғаны қала полициясының баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Instagram пабликтерінде жазылғандай, төбелес 5 қараша күні болған. Болжам бойынша, оған 12 адам қатысқан.

«Бұзақылық фактісі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқан алты адамның барлығы анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тергеу жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Сондай-ақ, полиция қала тұрғындарын кикілжіңдерді заңды жолмен шешуге және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.