Ресейдің мұнай-газ кірістері қазанда төрттен бір бөлікке азайды

Көркем Алдабергенова 06 қар. 2025 16:00

Ресей Қаржы министрлігі қазан айындағы мұнай-газ кірістері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, кіріс көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға төмендеп, 889 млрд рубль болды.

Ай сайынғы көрсеткіш бойынша қыркүйекке қарағанда өсім байқалғанымен, министрлік бұл жағдайды «тоқсанда бір рет төленетін салықтық төлемдер әсері» деп түсіндірді.

Негізгі көрсеткіштер

Қазанда Urals маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 4349 рубль немесе $53,7 болған.
Рубльдің нығаюына байланысты бұл баға өткен жылмен салыстырғанда шамамен үштен бірге төмен.

Қаңтар–қазан айларындағы мұнай-газ кірістері 7,498 трлн рубльді құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 21%-ға аз.

Ресейдің қаржы министрлігі бензиннің қымбаттауы мұнай-газ кірістеріне уақытша оң әсер еткенін атап өтті.

Демпферді азайту есебінен кіріс базалық болжамнан 45,3 млрд рубльге артық шыққан.

Алайда министрлік бұл уақытша және статистикалық әсер ғана екенін мойындайды, себебі кейін мұнай компанияларына демпфер өтемақысы қайтарылады, ал көрсеткіштер қайта есептеледі.

Алдағы болжам

Қараша айына арналған болжам бойынша, мұнай-газ кірістері жоспарланған деңгейден 48 млрд рубльге аз болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар