Оқиға Нұра ауданының бір тұрғын үй кешенінде болды: бір ер адам лифтте қалып, ал екіншісі шахтаға түсіп қалды. Құтқарушылар адамдарды босату үшін қол құрал- жабдықтарын қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қалалық ТЖ департаментінің хабарлауынша, лифттегі оқиға 4 қараша күні сағат 05:11-де болған.
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, тұрғын үй кешенінің лифтінде адам қалып қойған. Сондай- ақ, механизмге қысылып қалуы ықтимал зардап шеккен адам туралы мәлімет келді.
«Құтқарушылар жедел-құтқару жасағының көмегімен қол құрал- жабдықтарын пайдаланып, лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды босатты.
Сонымен қатар, лифт қызметінің өкілдерімен бірлесіп құтқарушылар лифт шахтасынан 1987 жылы туған ер адамды шығарды. Ол әрі қарай медициналық тексеру үшін медициналық қызмет бригадасына тапсырылды», – деп хабарлады ТЖ департаменті.
