Алматыда жеті жасар қызды қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 06 қар. 2025 16:15

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы биыл 2 сәуірде Алатау ауданында болған. "Sitrak" жүк көлігінің жүргізушісі Бурундай көшесімен келе жатып, "зебра" арқылы жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Оқиға қыздың анасының көз алдында болған.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу" бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық сот инстанциясы үкімді өзгеріссіз қалдырып, тек материалдық залалды өтеу бөлігіне түзету енгізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарасу шағынауданында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды қағып кеткен еді. Оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Полиция мәліметінше, Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, баланы қағып өткен. Ол оқиға орнында көз жұмған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар