Жоғары білім алу ақысы – бір отбасы үшін қалта көтерерлік шығын болса, кейбірінің қаржы жүгін ауырлата түсер шығын. Қазақстанда ерікті білім беру жинақтау-сақтандыру бағдарламаларының көмегімен бала оқытуға қажет қорды алдын ала жинауға болады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Осындай құралдардың бірі – «Келешек» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысатын Halyk-Life-тың «Bilim-life» бағдарламасы.
«Келешек» деген не?
Алдымен мемлекеттік «Келешек» жүйесі не екеніне аз-кем тоқтала кетсек. Бұл – қазақстандық балаларға сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік беру үшін құрылған жүйе. Ол барлық қаржы көздерін бірыңғай ыңғайлы жинақтау жүйесіне біріктіреді. Оның ішінде:
- ата-ананың салымы;
- «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша жинақтар
- мемлекеттік сыйлықақы;
- «Ұлттық қор – балаларға» бастамасының қаражаты бар.
Бағдарламаның басты мақсаты
Бала 18 жасқа толғаннан кейін осылардың бәрін біріктіріп, оқу ақысы үшін аударуға болады. Ал ақылы оқуға қажеттілік болмаған жағдайда жинақ отбасының иелігінде қалады. Осылайша, бұл жүйенің басты идеясы – бала өскенше білім капиталын қалыптастыру болмақ.
Bilim-Life шарттары қандай?
Bilim-Life аясында ата-ана немесе баланың басқа да заңды өкілі 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге сақтандыру шартын жасайды. Сондай-ақ өз оқуын өз бетінше төлегісі келетін ересектер де бағдарламаға қатыса алады. Отбасының мүмкіндігіне қарай жарнаны үнемі бөліп немесе бір рет бірден төлеуге болады. Теңгелей ең төменгі ай сайынғы жарна 10 000 теңге. Сондай-ақ, АҚШ долларында жинақтау нұсқасы да бар. Ондай жағдайда 750 доллардан бастап салып, кейіннен толықтырып отыруға болады. Бағдарлама аясындағы қаражат – жарна, Halyk-Life-тен кепілді табыс және мемлекеттің сыйлықақысы есебінен қалыптасады.
Мемлекеттік сыйлықақы 5% болса, жекелеген санаттағы балалар үшін 7%, бірақ жылына 100 АЕК-тен аспайтын сома болады.
Сақтандыру – жинақты қорғау
Сақтандырудың білімге арналған түрінің қарапайым депозиттен ерекшелігі – бағдарлама жинақтау және сақтандыру компоненттерінің басын қосады. «Bilim-Life» бағдарламасы сақтандырушы кез келген себеппен қайтыс болған немесе I немесе II топтағы мүгедектікке ұшыраған жағдайда да жалғаса береді. Яғни, мұндай жағдайда Halyk-Life балаға белгіленген мерзімге дейін білім алуға арналған сақтандыру сомасын төлеуді тоқтатпайды. Сақтандыру бүкіл әлем бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.
Жинақтарды қандай мақсатт пайдалануға болады?
Бағдарлама бойынша жиналатын қаражат оқу ақысын төлеуге арналған. Шарт аясында Қазақстанда және шетелде кәсіптік-техникалық, жоғары білім және магистратура қамтылады. Бала білім беру грантын алған жағдайда — шарт талаптарына сәйкес қаржыны өзіне қалдыра алады. Тағы бір ерекшелігі – егер қажеттілік болған жағдайда ол шартты басқа баласына қайта ресімдеуге болады.
Тамшыдан теңіз құралады
Білім беру жинағының бір ерекшелігі – қаржылай жүктемені бірнеше жылға бөлу мүмкіндігі. Оқуға түсер алдында қомақты соманы бірден төлеудің орнына, отбасы білім беру капиталын тұрақты жарналар есебінен біртіндеп жинай алады. Ата-аналар бағдарлама шарттары аясында жинақ валютасын, төлем мөлшері мен кезеңділігін өзі белгілейді.
Bilim-Life-ті Halyk-Life мобильді қосымшасы арқылы оңай рәсімдеуге болады. Бар болғаны: тіркелу, бағдарлама шарттарымен танысу және шарт жасасу деген үш қадам керек. Осылайша, Bilim-Life аясында сақтандыру бірден бірнеше міндетті біріктіруге мүмкіндік береді: оқуға капитал жинау, мемлекеттің сыйлықақысы және отбасын сақтандыру.
Bilim-life бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты 7123 нөмірі бойынша алуға болады.