Демалыс күндері күн күрт суытады

Демалыс күндері күн күрт суытады
ашық дереккөз

Қазақстанда күн күрт суытады, солтүстікте қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан аумағына солтүстік циклон ығысуына байланысты алдағы күндері күн күрт суытады. Синоптиктер республика бойынша тұрақсыз ауа райын болжап отыр.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 5 қазанға қарай солтүстік өңірлерде түнде қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте түнде, таңертең тұман түседі. Республика бойынша жел күшейеді.

"Солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы -1...-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 0...+5 градус, шығыста +7...+12 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +10...+15 градус аралығында болады. Таулы жерлерде ауа температурасы 0...+5 градусқа дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +10...+18 градусқа дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.