Қытай нарығына қазақстандық өнімдер кооперация арқылы шығатын болады, деп хабарлайды Dalanews.kz. ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Шанхайда өтіп жатқан 8-ші Қытай халықаралық импорт тауарлары көрмесінде (CIIE) ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade экспортты дамыту бірыңғай операторы кооперативтердің әлеуетін таныстырды.
QazTrade және Қазақстан Республикасының Ұлттық кооперативтер қауымдастығы (NACOFEC) Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі China Coop-пен бірлесіп жұмыс істеудің арқасында балдың, қымыздың, шұбаттың және кондитерлік өнімдердің алғашқы партиялары жақын уақытта қытай дүкендерінің сөрелерінен орын алады. Бұл желі 340 мыңнан астам дүкенді біріктіреді, ал оның жылдық айналымы 7 триллион юаньнан асады.
Шанхайда өткен қазақстандық кооперативтердің стендінде QazExport Global, «GEOM» ЖШС, «OIL ECO» ЖШС, «Prombaza-7», «SHERSTNEV GROUP», «IceMaster», «Dinastiya Agro», «Kokshetau Mineral Water» АҚ, «MADI», «Nauryz-5», «Run Planet Organic», «JAIN» ЖШС, «Danaker» ЖШС, «Mareven Food Tien Shan», «Telli Kazakhstan» ЖШС, «NefisGroup Ltd.», «Industry of Semirechye», «KAZAGRO-PRO» ЖШС, «KOMEK ASIA GROUP», «Light Way Solution» ЖШС, «LWS Agro» ЖШС, «LWS TERMINAL» ЖШС және «Baraka № 1» сияқты 30-дан астам компания мен кооператив таныстырылды. Олардың қатысуы қазақстандық кооперацияның халықаралық аренадағы нақты әлеуетін айқын көрсетеді.
