Қазақстанда АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерге сот үкімі жеңілдетілді,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төрт жылға шектеу жазасына кесілген белсенділер – Нұрлан Теміргалиев, Жанат Қазақбай, Нұрлан Жауылбаев, Айдар Мүбараков және Фазылжан Сыдықов апелляциялық шағымында өздерін кінәлі санамайтынын, бірінші инстанция сотының үкіміне келіспейтінін және қудалауды саяси астары бар деп атаған.
Алматы қалалық апелляциялық сот белсенділердің шағымын қарап, ақтау талабын қанағаттандырмады. Бірақ жазаны жеңілдетіп, төрт жылдық шектеуді екі жарым жылға қысқартты.
Белсенділердің қорғаушылары сот шешіміне келіспей, кассациялық шағым түсіруді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, белсенділер өткен жылы АЭС құрылысына қатысты референдум алдында ұсталған болатын.
