Халықаралық деңгейге шыққан қазақстандық фильмге қатысты дау туды

Көркем Алдабергенова 04 қар. 2025 13:32

мерикалық киноакадемия "Оскар" сыйлығына ұсынылған Әділхан Ержановтың "Кадет" фильмін шетел тіліндегі "Үздік фильм" номинациясынан алып тастады. Себеп - фильмнің сапасында емес, мүдде қайшылығында., деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Компромат Азияның" жазуынша, фильмнің продюсері Ерлан Бухарбаевтың айтуынша, "Оскар" ұйымдастырушыларының шешімімен режиссер Ержановтың "Кадет" атты қорқынышты фильмі халықаралық номинациядан шығарылған.

Мұндай шешімге Қазақстан кинематографистер лигасы себеп болған. Олар оператор Еркінбек Птыралиев ұлттық іріктеу комиссиясының мүшесі болғанын айтып, ол өз фильміне дауыс берген болуы мүмкін деген уәж келтірген.

"Бұл шындыққа сәйкес келмейді, және ресми түрде расталғанына қарамастан, осындай жағдай болып отыр. Кинематографистер лигасы "беделге нұқсан келуі мүмкін" деп алаңдағанымен, іс жүзінде бұл оның төрайымының жеке көзқарасынан туған жағдай", - деп жазды Ерлан Бухарбаев.

Ал Кинематографистер лигасы бұл сөздерді жоққа шығарды. Олар жіберілген хат фильмдерге немесе адамдарға емес, ұлттық іріктеу кезінде ашықтық пен әділдік сақталуына қатысты болғанын айтты.

"Мәселе фильмде емес, кәсіби қағидаларды сақтау керек. Шешімдер әділ қабылданса, оған ел ішінде де, халықаралық деңгейде де сенім артады. Қазақстандық кино халықаралық мойындауға лайық, бірақ ол ашық және адал процестерсіз, көрермен мен авторға құрметсіз мүмкін емес", - деп жазды лига өкілдері.

"Кадет" фильмі төңірегіндегі жағдай қазақстандық кино саласына ішкі түсіністік пен жауапкершілікті дамыту қажет екенін көрсетті. Дауларды ел ішінде шешіп, халықаралық деңгейге шығармау керек деген ой айтылды.

Алайда өтінім қабылдау мерзімі өтіп кеткендіктен, басқа фильм ұсынуға мүмкіндік жоқ. Демек, Қазақстан 2026 жылғы "Оскарға" қатыспайды және сол арқылы жүлдеден де, номинациядан да айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар