Көпшілікке Jah Khalib атымен танымал әнші Бахтияр Мамедовтің Ақтөбе қаласында жоспарланған ән кеші өтпейтін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Tarazy.kz"-ке сілтеме жасап.
Сенімді дереккөздің мәліметінше, концертті өткізбеу туралы шешімді жергілікті әкімдік хабарлаған. Сонымен қатар, инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, Jah Khalib-тің Қазақстан аумағында жоспарланған барлық жеке концерттері тоқтатылған.
32 жастағы рэпер Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінде кеңінен танымал. 2022 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс кезінде ол Киевте қалып қойған. Әншінің айтуынша, жары — украин ұлтынан. Соғыстың алғашқы айларында Украинада болған Jah Khalib сол ел халқының қамқорлығын ерекше атап өткен еді. Осы мәлімдемелерінен кейін оның Ресейдегі концерттері де өтпей қалған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін түбі әзербайжандық ресейлік орындаушы Akmal-дың да Қазақстандағы концерттері белгісіз себеппен өтпей қалған еді.
