Қазақстан ірі-қара мен ұсақ мал экспортына шектеуді ұзартты

Асель Қайратқызы 06 қар. 2025 16:32

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға қойылған шектеулердің қолданылу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 30 сәуірге дейін тірі қой мен ешкі экспорттауға арналған квоталар сақталады — жалпы саны төрт айдан асқан 120 000 қошқар. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге де, оған кірмейтін мемлекеттерге де қолданылады.

Сондай-ақ квоталарды бөлу қағидалары бекітілді. Министрлік қағидалар күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде gov.kz порталында квоталарды бөлу басталғаны туралы хабарландыру жариялауға міндетті. Квоталар екі қатысушы санаты арасында тең бөлінеді: бордақылау алаңдарына – 60 000 бас, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге – 60 000 бас.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар