Алматыда жұртты онлайн құмар ойынның торына түсіргендер сотталды

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 17:22

Алматыда PokStars және LuckyShark атты заңсыз онлайн құмар ойындарды ұйымдастырғандарға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ставкалар банк арқылы қабылданып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген. Бұл операциялар олардың туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген.

Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын жарнама қолданылған.

Сот үкімімен үш кінәлі адам 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мемлекет пайдасына 116 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен ZEEKR маркалы көлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар