АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне арналған қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рубионың айтуынша, АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға жасаған сапары маңызды миссия болған.
"Олар елде біраз уақыт болды. Менің білуімше, аймақтың басқа мемлекеттеріне баруға да ниетті. Өзім де келесі жылы Орталық Азияның бес еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Бұл сапар шамамен бір аптаға созылуы мүмкін", - деді Рубио.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды.
