Елдегі нақты зейнетақы мөлшері аталды

Сағыныш Сардарова 19 қар. 2025 11:18

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 512,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 137,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 375,5 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 516 мың адам.

"2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар