Түркістан облысы Алғабас ауылындағы өрттен аман қалған үшеудің бірі есін жиды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов мәлімдеді.
"Зардап шеккендердің бірі есін жиды. Қажет болған жағдайда үшеуі де аудандық ауруханадан Астанаға санитарлық авиациямен тасымалданады", - деді ол.
Еске салайық, кеше жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, тоғызы - балалар.
Мәліметке сүйенсек, өрттен қаза тапқан марқұмдар - бір әулеттің мүшелері.
