Жапонияның оңтүстігінде орналасқан Оита қаласында алапат өрт болып, 170 ғимарат отқа оранды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Қызыл жалын сейсенбі кешкісін тұтанған. Ал қатты соққан жел өртт одан ары өршітіп, 170 ғимаратты от шарпыған. Олардың арасында тұрғын үйлер де бар. Жергілікті дағдарыс орталығы таратқан мәліметке сәйкес, отты толықтай өшіру мүмкін болмай тұр. Ал өрт кесірінен 350 үйде электр қуаты жоқ.
Төтенше жағдай кезінде 175 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазір 76 жастағы қария іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, өрт жақын маңдағы орманға көшкен.
