Елдегі алғашқы әрі жалғыз крематорий қашан ашылады?

Сағыныш Сардарова 19 қар. 2025 12:10

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев Алматыдағы крематорийді Денсаулық сақтау басқармасының балансына беру процесі туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Крематорий бойынша сұрақ көп болды. Қазір нысан толығымен Денсаулық сақтау басқармасына өтті. Олар нысанды қабылдап алды, құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр. Крематорий дайын тұр, тек ресми құжаттарды күтіп отыр. Рәсімдеу аяқталған соң ресми ашылатыны туралы хабарлаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұл - Қазақстандағы алғашқы крематорий. Ол 2021 жылы салынған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз крематорий қала әкімдігіне берілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар