Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз крематорий қала әкімдігіне берілді

Сағыныш Сардарова 03 қар. 2025 13:14

Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз крематорий қала әкімдігіне берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді.

"Нысан бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын. Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро" ШЖҚ КМК балансына берілді. Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар