Енді әкелерге де декреттегі уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі

Қаракөз Амантай 19 қар. 2025 12:40

Мәжілісте өткен еңбек заңнамасын талқылау барысында депутаттар зейнетақы есептеу кезінде құқық теңдігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Жаңа заң жобасына сәйкес, бала күтімімен айналысқан уақыт аналарға ғана емес, әкелерге де еңбек өтілі ретінде есептелетін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат Олжас Құсбеков бұл өзгеріс мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер арасында ерлердің жаппай декретке шығуына себеп болуы мүмкін бе деп сұрады. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, жаңа норманың басты мақсаты бұрын аналарға ғана берілген құқықты әкелерге де тең қолжетімді ету.

"Жаппай декретке шығу күтілмейді, өйткені бұл құқықты қажет ететіндер бұған дейін-ақ оны пайдаланған", - деді Асхат Аймағамбетов.

Жалпы алғанда, заң ата-аналардың құқықтарын теңестіруге бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар