Блогер Антон Бударовтан Санжар Боқаевтың пайдасына 1,2 млн теңге өндіріп алынды

Көркем Алдабергенова 19 қар. 2025 11:36

Блогер Антон Бударовтан Санжар Боқаевтың пайдасына 1,2 млн теңге өндіріп алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңгерлерге блогер таратқан жалған мәліметтерді шындыққа сәйкес емес деп тану және оларды жоққа шығару бойынша негізгі талаптарды орындау жұмысы әлі алда.

Адвокат Мұрат Адам белгілі қоғам және саясат қайраткері Санжар Боқаевтың пайдасына блогер Антон Бударовтан жеке сот орындаушысы арқылы 1 284 064 теңге өндіріп алынғанын хабарлады.

«Бүгін біз блогер Антон Бударовтан белгілі қоғам және саяси тұлға Санжар Боқаевтың пайдасына жалпы сомасы 1 284 064,8 теңге өндірдік. Біреу-міреу мұндай нәтижеге күмәнданған шығар, бірақ мен емес», - деді адвокат.

Ол бұл тек алғашқы кезең екенін атап өтті.

«Антон Бударов Санжар Боқаев туралы таратқан шындыққа сәйкес емес мәліметтерді жалған деп тану және оларды ресми түрде жоққа шығару жөніндегі негізгі талаптар әлі орындалған жоқ. Бұл жерде жұмыс жеңілірек болады. Оның үстіне, ол бойынша басқа жоспарларымыз да бар», – деп қосты Мұрат Адам.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар