"Тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ". Министр эпидахуал туралы айтты

Сағыныш Сардарова 19 қар. 2025 09:48

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мыңға дейін оқиғасы тіркелетінін айтты. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың оқиғасы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 183 мың оқиғасы тіркелді, 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16%-ға артқан.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы – 590, оның ішінде А типі (H3N2) – 587 (Қазақстанда 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы), А (H1N1) типі – 3 жағдай.

"Биыл тұмау өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирус айналымда жүргені байқалады. ЖРВИ-дің 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған", - деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-дың 6 мыңнан астам оқиғасы тіркелген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар