NCOC қызметкерінің өліміне қатысты іс: үкім қайта қаралды

Сағыныш Сардарова 27 қаң. 2026 17:37

Атырауда NCOC қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша үкім қайта қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Д. және оның адвокатының апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық істі қайта қарады.

Сот алқасы сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға себеп анықтамады. Осыған байланысты бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.

2025 жылы 29 сәуірде Атырауда өз үйінен 45 жастағы Бибігүл Шпанова өлі табылған еді.

Еске салайық, 2025 жылы қыркүйекте Атырауда NCOC қызметкері Бибігүл Шпанованың өліміне қатысты сот үкімі шықты. 

Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына сотталды. Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove