Қазақстанда сәбізді шетелге шығаруға тыйым енгізу жоспарланбаған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, елдің ішкі нарығы бұл өніммен толық қамтамасыз етілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шамамен 412 мың тонна сәбіз жиналып, жаңа өнім алынғанға дейін жеткілікті қор қалыптастырылған.
Үкіметте атап өткендей, қазіргі жағдайда отандық өндірушілерге өнімді сыртқы нарықтарға еркін сатуға мүмкіндік бар, ал экспортқа шектеу қоюға негіз жоқ.
Осылайша, билік өкілдері сәбіз бағасы мен қолжетімділігіне қатысты ешқандай тәуекел жоқ екенін алға тартып отыр.
