Әрине, барлық тіршілігі малға байланысты көшпелі қазақтың малын түгелдей колхозға алып, зорлықпен ұжымдастыру аштықтың басты себебі болды.
Бірақ! Патша үкіметі өздерінің отарлау саясатын табандылықпен жүргізе отырып, қазақты көшпелі өмір салтында ұстауға тырысты. Қазақтардың егіншілікке көшіп, отырықшылық тұрмыс құруы оларға пайдасыз еді.
Ол қазақтардың құнарлы, егіншілікке жарамды, өзен-сулы жерлерге орналасуына соқтыратын. Оның үлкен әлеуметтік өзгерістерге: жайлы қыстақтарға шоғырлануына, өндіргіш күштерінің өсуіне, ұйымшылдығының артуына, оқуға түсуге мүмкіншілік туып, ұлттық санасының артуына апаратынын болжай білді. Ондай жағдай сөзсіз отарлық жүйеге қатер тудыратын.
Оның үстіне қазақтардың егіншілігінің өркендеуі орыс көпестері мен мұжықтарының өндіретін, сататын бидайына бәсекешіл болу қаупі де Ресейді шошындыратын...
Отырықшылыққа айналдыру идеясы, әрине, дұрыс еді. Қателік – қазақтардың күштеп, зорлап ұжымдастыруына байланысты жүргізілген әдісінде, уақыт кеңістігінің аздығында жатыр.
«Қызылдар қырғыны» кітабының негізінде әзірленді