Павлодар облысы Ақсу қаласында 291 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақсу қаласының мамандандырылған тергеу соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету дерегі бойынша үкім шығарды. Сотталушылар қатарында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер бар.
"Екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстарға заңсыз түрде қол қойылғанын, мемлекетке 290 млн теңгеден аса залал келтірілгенін анықтады.