Алматылықтар үшін жақсы жаңалық: жаңа метро бекетіне дейін тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Сағыныш Сардарова 13 ақп. 2026 16:26

Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңа "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желі монтаждалған.

Сонымен қатар, "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бас мердігер ұйым өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, қала басшылығы қойған міндетке сәйкес нысан құрылысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Нормативтік мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove