Наурызға орай үш қосымша пойыз іске қосылады

Самал Асқар 13 ақп. 2026 14:46

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз шығарып, сұраныс жоғары бағыттарда вагон санын көбейтеді, деп хабарлайды Dala News.

Компания мәліметінше, мереке күндері жолаушыларға барлығы 35 мың қосымша орын ұсынылады.

Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы – 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Нұрлы жолдан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз.
Шымкенттен: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы – 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбеден: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз.
Нұрлы жолдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы – 6 рейс.

Сонымен қатар сұраныс жоғары бағыттарға шамамен 230 тіркемелі вагон қосылады.

Билеттер теміржол вокзалдарының кассаларында және bilet.railways.kz сайтында сатылымда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove