Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Сағыныш Сардарова 13 ақп. 2026 13:09

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Сейфуллин және Райымбек даңғылдары қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша көлік жүргізушісі 15 жастағы баланы қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, жол апатынан кейін жүргізуші көліктен түсіп, жасөспірімге "бассаң, ауырмайды" деп қар беріп, артынша оқиға орнынан кетіп қалған. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Алматы Полиция департаменті бұл деректі растады. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove