Айзат Жұманованың резонансты ісі апелляциялық сотта қайта қаралады

Көркем Алдабергенова 13 ақп. 2026 17:24

Жетісу облысында апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық істі қарайды. Жәбірленуші тарап сотталған адамға тағайындалған жазаны қатаңдатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап отырған адвокаттардың бірі хабарлады. Олар істі неғұрлым ауыр бап бойынша қайта саралау қажет екенін алға тартып отыр.

Әңгіме күйеуі соққыға жығып, соның салдарынан қаза тапқан жас әйел Айзат Жұманованың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс туралы болып отыр.

Іс апелляциялық сатының өндірісіне қабылданған. Сот отырысы 25 ақпанға белгіленген.

«Бірінші сатыдағы сотта-ақ біз бұл істің Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен емес, ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру ретінде, яғни осы баптың 2-бөлігі бойынша қаралуы тиіс екенін айтқанбыз. Тиісті дәлелдерді де ұсындық. Алайда сот оны ескермеді, прокуратура да тиісті деңгейде әрекет етпеді. Біз істің мән-жайы мен салдары қатаңырақ құқықтық баға беруді талап етеді деп есептейміз. Айыпталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін норма аясында қаралуы керек», - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Зарина Мейрембаева.

Еске салайық, биыл 9 қаңтарда сот Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove