Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес геологиялық ақпаратты жедел цифрландыру және жүйелеу жөніндегі ұлттық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Dala News.
Жоба ел аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыруға, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және деректердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Геологиялық материалдарды сканерлеу мен цифрландыру кейін жасанды интеллекті қолданатын заманауи талдау құралдарын енгізуге негіз қалайды.
Бүгінде 66 180 екінші реттік геологиялық есеп құрылымдалды. Олардың алғашқы томдары Бірыңғай жер қойнауын пайдалану порталында қолжетімді. Бұл мүдделі тараптарға геологиялық қорларға бармай-ақ, онлайн әрі тегін танысуға мүмкіндік береді. Екінші реттік есептерді сканерлеу жұмыстары 2000 жылдардың басынан жүргізіліп келеді.
Жалпы алғанда, 4,7 млн-ға жуық бірлік цифрлық форматқа көшірілген. Бұл – бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы.
Атап айтқанда:
– 2023–2024 жылдары 2 728 620 бірлік;
– 2025 жылы 1 969 216 бірлік цифрландырылды.
Геологиялық қорларда сақталған басым бастапқы ақпарат көлемі шамамен 5 млн бірлікті құрайды. Деректер қағаз құжаттар, графикалық қосымшалар, магниттік таспалар мен картридждер түрінде сақталған.
Архивтік материалдарды толық цифрландыру 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде геологиялық деректердің 100% электронды форматта қолжетімді болуы көзделуде.
