Алматыда үш жігіт ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Қаракөз Амантай 13 ақп. 2026 14:39

Алматыда үш жігіт ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Оқиға туралы әлеуметтік желіде жәбірленушінің ұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, 10 ақпан күні үш адам әкесін сөйлесуге сыртқа шақырып, кейін жабылып ұрған. Шабуыл жасағандардың бірі күтпеген жерден қатты соққы жасап, салдарынан ер адам шамамен бір сағат бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оған бас сүйегінің бірнеше жерден сынуы және миға қан құйылу диагнозын қойған.

Ұлының сөзінше, қазір отбасының жағдайы ауыр. Жалдамалы пәтерде тұрады, қарыздары бар, анасы зейнеткер, жұбайының денсаулығы сыр берген, отбасында кәмелетке толмаған екі бала тәрбиеленіп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, істің барысы полиция басшылығының бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove