Астанада 2,1 млрд теңгені жымқырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Қаракөз Амантай 13 ақп. 2026 16:18

Астанада 2,1 млрд теңгені жымқырған құрылыс компаниясының басшысы жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, құрылыс компаниясының қызметінде тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлген мемлекет бюджетін жымқыру деректері анықталған. Келтірілген залал көлемі 2,1 млрд теңгені құраған. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның 412 млн теңгесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сот үкімімен айыпталушы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 10 жыл бойы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына қатысты коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сот материалдық шығынды да өндіру туралы шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove