Бибісара Асаубаева ең көп табыс тапқан шахматшылардың ондығына енді

Қаракөз Амантай 13 ақп. 2026 16:53

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ең көп табыс тапқан әйел шахматшылардың үздік ондығына енді. Бұл рейтингті Forbes жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшылардың айтуынша, шахматта әйел спортшылардың табысы әлі де ерлердің кірісінен төмен. Соған қарамастан қазақстандық шахматшы биылғы тізімде жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Рейтингте 21 жастағы Бибісара жетінші орынға тұрақтады. Ол бір жыл ішінде турнирлердің жүлде қорынан 110 мың доллардан астам табыс тапқан.

Өткен маусымда Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионы атағын қайта қорғап, Grand Swiss турнирінде үшінші орын алды. Сондай-ақ ол фристайл турына қатысқан алғашқы қыз атанып, бұл да оның жылдық табысының өсуіне ықпал етті.

Тізімнің көшін қытайлық шахматшы Цзюй Вэньцзюнь бастап тұр. Оның табысы шамамен 382 мың доллар. Ал үздік ондықты үндістандық Дивья Дешмух 87 мың доллар нәтижемен қорытындылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove