Қазақстанда мұнай мен алтын қоры қанша жылға жетеді?

Сағыныш Сардарова 13 ақп. 2026 14:44

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев Қазақстанда мұнай, алтын және басқа да табиғи ресурстар қоры қанша жылға жететіні туралы сұраққа жауап берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ресурстар "таусылғаннан" кейін қандай шаралар қабылданатынын сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Шынын айтсам, "қор қанша жылға жетеді?" деген сұрақты бұлай қою дұрыс емес. Себебі кез келген жағдайда геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі, қор толықтырылып отырады",- деді Қанат Ерубаев.

Десе де комитет басшысының міндетін атқарушы шамамен есептелген қор көлемі мен мерзімін де атады.

"Жалпы алғанда, мемлекеттік есепте 4 миллиард тоннадан аса мұнай қоры бар. Қазіргі өндіріс көлемі сақталса, бұл қор шамамен 50 жылға жетеді. Ал алтын бойынша мемлекеттік есепте шамамен 2,3 мың тонна қор тіркелген. Қазіргі өндіріс деңгейімен бұл шамамен 37 жылға жетеді", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove