Алматы қаласында ер адам ауыр соққыдан кейін қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы оқиға туралы марқұмның ұлы Threads әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, әкесіне үш жас жігіт шабуыл жасаған. Олар ер адамды жерге құлатып, басынан бірнеше рет аяқпен тепкен. Тіпті жәбірленуші есінен танып жатқан сәтте де соққыны тоқтатпаған.
Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам кейін көз жұмған.
Марқұмның ұлы жазбасында болған жағдайды эмоциялық түрде сипаттады.
«Үш күн бойы ұйықтай алмадым. Көз алдымнан әкемді күтпеген жерден ұрып құлатып, адам емес, қоқыс сияқты еденде сүйреген сәттер кетпейді. Жарты сағат бұрын оның ес-түссіз жатқан кезінде басынан теуіп, ұрып жатқан видеоны алдым. Бұлар адам емес. Әкемді шамамен жарты сағат бойы “өлтірген”. Өтінемін, бұл іске толық қоғамдық резонанс қажет», - деп жазды ол.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.
