



















Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рамазан айы қашан басталады?
"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесін және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

