Freedom Inside '26

Абай облысының әкімі Берік Уәли TikTok-та ресми парақшасын ашты

Абай облысының әкімі Берік Уәли TikTok-та ресми парақшасын ашты
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының әкімі Берік Уәли тұрғындармен ашық диалог орнату және кері байланысты нығайту мақсатында TikTok әлеуметтік желісінде жеке ресми аккаунтын ашты,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Әкімнің жаңа парақшасы – тұрғындардың сұрақтары мен пікірлеріне жедел жауап беріп, бастамалар мен өңірдегі маңызды оқиғалар жайлы хабардар ету үшін ашылған.

Енді Абай облысының тұрғындары TikTok арқылы әкімнің жұмысын бақылап, маңызды ақпараттармен жедел танысып, пікір қалдырып, тікелей кері байланыс орната алады.