Freedom Inside '26

Балаларға қатыгездік көрсеткен: Ақтөбе облысындағы балабақшадан дау шықты

Балаларға қатыгездік көрсеткен: Ақтөбе облысындағы балабақшадан дау шықты
Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында балабақша қызметкерлері кішкентай балаларға қатыгездік көрсеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ZTB телегарам арнасы аталған оқиғаның видеосын жариялады.

Ата-аналардың айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбаларда тәрбиеші мен күтушінің үш жастағы балаларға дөрекі қарым-қатынас жасап, оларды жұлқылап, қол көтергені анық көрінеді.

“Оқиғадан кейін 12 баланың ата-анасы бірден балабақша меңгерушісіне және білім бөліміне ресми түрде шағым түсірген. Қазіргі уақытта аталған қызметкерлер тексеру аяқталғанға дейін жұмыстан уақытша шеттетілді”, - дейді дереккөз.

Білім бөлімі бұл дерек бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді. Егер фактілер расталса, кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қолданылатыны айтылды.