Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр

Сағыныш Сардарова 23 сәу. 2026 10:32

Блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, атышулы блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамнан Қазақстанға қайтару мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Алайда бұл үшін алдымен сол елдегі тергеу аяқталып, сот шешімі заңды күшіне енуі қажет.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогерді ұстаған еді.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқаны айтылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove